Теннис
2 мин оқу 330

Теннисшілер «Президент кубогында» бақ сынайды

<p style="text-align: justify;">Елордада 17-24 шілде аралығында Ұлттық теннис орталығының жазғы хард корттарында ATP Challenger Tour және ITF Women&rsquo;s World Tennis Tour сериясына енетін халықаралық &laquo;Президент кубогы&raquo; турнирі өтеді.</p>

Теннисшілер «Президент кубогында» бақ сынайды

Биылғы «Президент кубогында» ел намысын еліміздің ұлттық және жастар құрамасының мүшелері, атап айтқанда, Михаил Кукушкин, Дмитрий Попко, Ти­мофей Скатов, Бейбіт Жұқаев, Денис Евсеев, Григорий Ломакин, Максим Батю­тенко, Гозаль Айнитдинова, Жібек Құлам­баева, Аружан Сағындықова, Сан­дуғаш Кенжебаева сынды әлемдік дең­гейдегі корттарда өнер көрсетіп жүрген теннисшілер қорғайды.

Сондай-ақ елордаға алыс-жақын шет­елдегі ең мықты деген теннисшілер де келеді деп күтілуде. Мәселен, қыздар ара­сындағы бәсеке көрігін Грузияның бірін­ші ракеткасы  – Екатерина Горгодзе (WTA рейтингте 144-орында), 2020 жылғы жұп­тық сындағы Олимпия ойындарының қола жүлдегері, бразилиялық Лаура Пигосси (124), теннис мамандары тарапынан Че­хия теннисінің болашақ жұлдызына балан­ған Линда Фрухвиртова (176), был­тырғы «Президент кубогының» чемпионы, грузиялық Мариам Болквадзе (185) қыздырмақ.

Ерлер бәсекесінде бақ сынайтын теннис­шілер де қара жаяу емес. Еліміздегі беделді жарысқа жыл сайын әлемнің ең үздік теннис­­­шілері қатысатыны жанкүйерлерге аян. Атап айтқанда, «Президент кубогында» әр жылдары Даниил Медведев (әлем­нің қазіргі бірінші ракеткасы), Андрей Руб­лев (ATP рейтингінде 8-орында), Ка­рен Ха­чанов (22), Миомир Кецманович (30), Се­бастьян Корда (46), Макс Перселл және бас­қа да танымал ойыншылар өнер көрсетті.

Сонау еліміз тәуелсіздік алған жылдан бері, яғни 1991 жылы тұсауы кесілген «Президент кубогы» жарысы жыл сайы­н елордада жаз мезгілінде ұйым­дас­ты­ры­лады. 2007 жылы «Президент ку­богы» бәсекесі әйелдер арасындағы ITF және ерлердің ATP турнирінің бағ­дар­ла­ма­сы­на еніп, сол жылдан бері халық­ара­лық дәрежедегі турнир ретінде ұйым­дас­ты­ры­лып келеді.

Сол уақыттан бері бұл жарыста қазақ­стандықтардан Михаил Кукушкин мен Андрей Голубев, украиналық Илья Мар­ченко, аустриялық Себастьян Оффнер, Германия құрамасының қазіргі капитаны Райнер Шаттлер, Аустралия ашық чем­пионатының және «Ролан Гаррос» чемпионы хорват Иван Додиг, жұптық сында «Үлкен дулыға» санатындағы турнирдің екі дүркін жеңімпазы қытайлық Чжан Шуай секілді теннисшілер топ жарған.

Бөлісу:
Теннисшілер «Президент кубогында» бақ сынайды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар