Қаржы
1 мин оқу 250

Өнеркәсіптік пайдалануға берді

<p style="text-align: justify;">Ұлттық банк Төлем кар&shy;точка&shy;ларының банк&shy;ара&shy;лық жүйесін өнеркәсіптік пайдалануға қосқанын хабарлайды. Бұл жүйе Қазақстан аумағында төлем карточкалары арқылы жасалатын банкаралық транзакцияларды өңдеуге арналған.</p>

Өнеркәсіптік пайдалануға берді

ТКБЖ-ны құру және оны іске қосу – төлем карточкалары нарығының қауіпсіздігін және үздіксіз жұмыс істеуін, қазақстандық банктер үшін ішкі есеп айырысулардың кепілдігін қамтамасыз етеді.

Жүйені әзірлеу Visa, Mastercard және UnionPay халық­аралық төлем жүйелерімен және төлем карточ­каларының нарығына қатысушы банктермен өзара тығыз байланыста жүзеге асырылды.

Төлем карточкаларының банк­аралық жүйесін құру аясында жер­гілікті карточкалық инфрақұрылым жасалып, тиісті нормативтік құқықтық база қалыптастырылды. Сонымен бірге қазақстандық банктер эмиссияла­ған төлем карточкалары бойынша жер­гілікті операцияларды өңдеуді ұйым­дастыру бойынша халықаралық төлем жүйелерімен келісімдер жасалды.

Қазіргі уақытта жүйеге төлем карточкаларымен қызмет көр­сететін банктер қосыл­ған. Банк­тердің жергілікті карточ­калық транзакцияларының трафигін аудару, оның ішінде банк жүйелерін бейімдеу және халықаралық төлем жүйелерімен өзара іс-қимыл процес­терін қайта баптау бойынша қажетті жұмыстар жүргізілді.

ТКБЖ операторы – «Қазақ­стан Республикасы Ұлттық банкі­нің Қазақстан банкаралық есеп айы­рысу орталығы» РМК атаулы еншілес ұйымы.

Бөлісу:
Өнеркәсіптік пайдалануға берді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар