Әлем
1 мин оқу 300
Копенгагенде атыс болып, бірнеше адам қайтыс болды
<p style="text-align: justify;">Дания астанасы Копенгаген қаласындағы Fields сауда орталығында атыс болып, бірнеше адам көз жұмды. Бұл туралы Копенгаген полициясы жедел бөлімінің басшысы Сёрен Томассен мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Euronews агенттігіне сілтеме жасап.</p>
Полиция күдіктіні ұстады. Ол 22 жастағы Дания азаматы болып шықты.
Мэрия зардап шеккендердің нақты саны әлі нақтыланып жатқанын хабарлады. Қаладағы ауруханалар жоғары дайындық режиміне көшті.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, алғашқы оқ атылған кезде сауда орталығында 100-ден астам адам болған.
Бөлісу: