Коронавирус
1 мин оқу 154

Ұлыбританияда коронавирус жұқтырғандар көбейді

<p style="text-align: justify;">Ұлыбританияда коронавирусқа шалдыққандар саны әлі де артуы мүмкін, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> BBC-ге сілтеме жасап.</p>

Ұлыбританияның денсаулық сақтау қауіпсіздігі агенттігінің атқарушы директоры Дженни Харрис елде бір аптада коронавирус жұқтырғандар саны 32 пайызға өскенін айтты. Өткен аптада қауіпті инфекцияға шалдыққандар санының шамамен 500 мыңға артуы Omicron-ның BA.4 және BA.5 деп аталатын екі түрінің жылдам таралуына байланысты.

30 маусымда Англияда вирус жұқтырып, ауруханада төсек тартқандар саны шамамен 9 мың адам болған. Бұл ай басындағы көрсеткіштен екі есе көп. Жалпы Англияда коронавирус анықталған тұрғындар саны 1 829 100 адамға жеткен. Бұл халықтың 3,35%-ын құрап отыр. Уэльсте бұл көрсеткіш 106 мың болды, бұл халықтың 3,49% немесе шамамен 30 адамның бірін құрайды. Солтүстік Ирландияда тест тапсырғандар арасынан 71 мың адамнан вирус анықталған.

Бөлісу:
Ұлыбританияда коронавирус жұқтырғандар көбейді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар