Оқиға
1 мин оқу 252

Алматыда сауда орталығына тағы «бомба қойылды»

<p style="text-align: justify;">Алматыда сауда ойын-сауық орталықтарының біріне бомба қойылғаны туралы хабар жалған болып шықты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, бүгін 10:04 шамасында 102 пультіне сауда ойын-сауық орталығына бомба қойылғаны туралы қоңырау түскен.

«Сауда ойын-сауық орталығының әкімшілігі, күзет қызметі және құқық қорғау органдары жалға алушылар мен келушілерді эвакуациялау үшін, сондай-ақ құқық қорғау органдарының іс-шараларды одан әрі жүзеге асыруы үшін тиісті сценарий әзірледі. Қысқа мерзімде қабылданған іс-шаралар нәтижесінде хабарламаның жалған екендігі анықталды», деп хабарлады ведомстводан.

Бөлісу:
Алматыда сауда орталығына тағы «бомба қойылды» · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар