Алдағы күндері ауа райы қандай болады
<p style="text-align: justify;">Қазгидромет 5-7 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
5-6 шілдеде солтүстік-батыста, республиканың орталығында қатты жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. Бұршақ жаууы мүмкін. 7 шілдеде еліміздің батыс өңірлерінде жоғары атмосфералық қысым әсерінен жауын-шашынның тоқтауы күтілуде. Ауа температурасының күндіз батыста +18+26°С-тан +23+31°С-қа дейін, солтүстік-батыста, солтүстікте +15+23°С-тан +20+28°С-қа дейін жоғарылауы болжанады.
Маңғыстау облысында +31 градусқа дейін ыстық болады. Ал елдің орталығында +20+28°С, Қарағанды және Ұлытау облыстарының оңтүстігінде +33°С, республиканың шығысында ауа температурасы +22+29°С, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде +33°С, Қазақстанның оңтүстігінде +30+37°С-тан +25+33°С-қа, елдің оңтүстік-шығысында ауа температурасы +28+33°С дейін көтеріледі.