Аймақтар
1 мин оқу 340

Алматыда 3 жаңа метро станциясы салынады

<p style="text-align: justify;">Бұл туралы Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі жоспарын талқылау барысында айтылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жобаны талқылауға қаланың қоғамдық кеңес мүшелері, мәслихат депутаттары мен сарапшылар қауымдастығы өкілдері қатысты.

«Біз агломерациядан келіп, негізгі қақпалардан кіретін трафикті жеңілдетуге бағытталған 4 көлік-ауысып отыру хабын ұйымдастырамыз. Батыс бағытта 3 жаңа метро станциясы салынады. Алматы метросын одан әрі дамыту аясында солтүстік бағытта Алматы-1 теміржол вокзалына дейін метроны дамыту бойынша ұсыныстар дайындалады», деді Ерболат Досаев.

Сонымен қатар ол биыл қазан айына дейін Төле би көшесінде LRT – жеңіл рельсті көлік құралын дамыту жөнінде шешім қабылданғанын жеткізді.

«Сондай-ақ велокөлікті белсенді қолдауға ниеттіміз, сондықтан жыл сайынғы қаржыландыру негізінде келесі жылдан бастап веложолдардың ұзындығын 2025 жылы 60 км-ге дейін және жыл сайынғы қаржыландырумен 2030 жылы 125 км-ге дейін, яғни 2 есе ұлғайтамыз», деді әкім.

Бөлісу:
Алматыда 3 жаңа метро станциясы салынады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар