Алматы қаласының жаңа бренді жасалады
<p style="text-align: justify;">Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Қоғамдық кеңес мүшелерімен, мәслихат депутаттары және сарапшылармен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Оның айтуынша, қала билігі туристік инфрақұрылымды кешенді түрде дамытады, оған: жолаушылар санын 2 есеге - жылына 14 миллионға дейін арттыруға мүмкіндік беретін әуежайдың жаңа терминалын салу, тау шаңғысы демалысы мен экотуризм орталығының құрылысы, сондай-ақ қонақ үй қорын кеңейту жұмыстары кіреді.
«Алматыны туристік дестинация ретінде ілгерілету және туристік қызметтердің сапасын арттыру үшін қаланың жаңа бренді - Discover Almaty әзірленеді. Біз 2030 жылға қарай шетелдік туристер ағынын 1 миллион адамға дейін арттыруды жоспарлап отырмыз», деді Ерболат Досаев.