Коронавирус
2 мин оқу 210

Алматының бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

<p style="text-align: justify;">Алматы қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Қасымхан Алпысбайұлының коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі шаралар туралы жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қаулы бойынша қаланың аудан әкімдері, мемлекеттік органдар, қалалық кәсіпкерлер палатасы (келісімі бойынша), құқық қорғау және арнайы органдар, мекемелердің басшылары, жеке және заңды тұлғалар:

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің №16 қаулысын іске асыруды жалғастыру, әрбір 6 ай сайын КВИ-ға қарсы вакцинация, ревакцинация қажеттілігі туралы халыққа белсенді түсіндіру жұмыстарын жүргізу, вакцинаға абсолютті қарсы көрсетілімі бар қызметкерлер мен жүкті әйелдерді қашықтан жұмыс нысанына ауыстыру, КВИ-мен ауыратын адаммен жақын байланыста болған адамдарды қашықтан жұмыс нысанына ауыстыру;

Үй-жайларды желдете отырып, вентиляция мен ауаны баптау жүйелерін тексеруді қамтамасыз етулері тиіс.

Сондай-ақ халық көп жиналатын жабық үй-жайларда (СОО, сауда үйлері, жабық базарлар, ХҚКО, банктер, кинотеатрлар, театрлар, цирктер, концерт залдары, автовокзалдар, көрермендері бар спорттық шаралар, конференциялар) тамақ ішу кезінде, 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда, қоғамдық көлікте, метрода жол жүру, халықаралық жолаушылар тасымалы кезінде маска киюді ұсынулары тиіс.

Ал қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы КВИ-мен ауырған адаммен жақын байланыста болған адамдарды қашықтан жұмыс істеуге және амбулаториялық бақылауға ауыстыруды, 7 күн ішінде БМСКК және телемедицина орталығы деңгейінде ауырлығы жеңіл және асимптоматикалық пациенттерді амбулаториялық бақылауды қамтамасыз етуі тиіс.

Қаулы 7 шілде, сағат 00.00-ден бастап күшіне енеді.

Бөлісу:
Алматының бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар