Қазақстан
1 мин оқу 294

Жасыл металлургия қазір де бар

<p style="text-align: justify;">Жуырда ел астанасында Astana Mining &amp; Metallurgy &ndash; АММ-2022 Халықаралық тау-кен металлургия конгресі өтті. Конгресс алаңында Қазақстан мен жақын және алыс шетелдердің ұлттық және халықаралық компанияларының, инвестициялық қорлардың өкілдері мен сарапшылары, салалық министрліктер мен ұйымдардың басшылары жиналды.</p>

Жасыл металлургия қазір де бар

АММ алаңында биыл да қызық­ты тақырыптар қозғалды, Жаңа Қазақ­стан­ның алдында тұрған өзекті, басым міндеттер мен мәселелер көтеріл­ді. Солардың бірі Kazakh invest компания­сының Investment Task Force бөлігі ұйымдастырған «Жасыл металлургия – қазірде де бар» тақырыбындағы интерактивті панельдік сессиясы.

Сессияны жүргізген Task Force жо­ба­ларының жетекшісі Бауыржан Айт­құлов экологиялық таза, қалдығы аз, қалдықсыз табиғи шикізатты өңдеу және өңдеу технологияларын енгізе отырып, металлургиялық жобаларға аса зор инвестицияларды талап ететін әлемдегі экологиялық жағдай тақырыптарын қозғады.

ESG сарапшысы Игорь Коро­тец­­кий жасыл металлургияға көшу стра­тегиясындағы жаһандық мақсат­тар мен негізгі бағыттар туралы айтып берді. Ж.Әбішев атындағы химия-­металлургия институтының дирек­торы Сайлаубай Байсанов күлі жоғары көмірді пайдалана отырып кешенді қорытпалар алу тәжірибесімен бө­ліс­ті. Urumqi Zhonghaduo Metal ком­паниясының құрылтайшысы Гун Чжиюн металлургиядағы экология­лық-экономикалық пробле­малар­дың шешім­дері туралы сөз қозғады. Атап айтқанда, Шымкент және Тараз қалаларындағы қорғасын өндірі­сінің қалдықтарын қайта өңдеу тәжірибесімен бөлісті.

Task Force жобаларының жетек­шісі Асхат Бекенов болашақта ме­тал­лургия­да қолданылатын «жасыл» сутегі өн­дірісі бойынша инвес­ти­циялық жобаларды дамыту перспек­тиваларына егжей-тегжейлі тоқталды.

Kazakh invest инвестициялар тарту жөніндегі ұлттық оператор ретінде өз қызметі шеңберінде өнеркәсіпті тұрақты дамыту саласында жаңа технологияларды енгізуге ықпал етеді.

Бөлісу:
Жасыл металлургия қазір де бар · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар