Спорт
1 мин оқу 690

Қала күніндегі бәйге жарысы

<p style="text-align: justify;">Ертең елордадағы &laquo;Қазанат&raquo; атшабарында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен Қала күніне орай бәй&shy;ге түрлерінен &laquo;Елорда бәйгесі&raquo; рес&shy;публикалық турнирі өтеді.&nbsp;&nbsp;</p>

Қала күніндегі бәйге жарысы

Бәйге сайысында Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары мен еліміздің барлық облысынан 150-ден астам таңдаулы жүйрік бақ сынайды. Шабандоздар тоғыз шақырымдық құнан бәйге, 16 шақырымдық кіші аламан және 21 шақырымдық аламан бәйге бойынша сынға түседі. Жарыстың жалпы жүлде қоры – 20 млн теңге.

Сондай-ақ бәйге бағдарламасында «Қос­танай жылқысының бәйгесі» атты респуб­ликалық турнир де ұйым­дасты­рылмақ. Биыл үшінші рет өткелі жатқан жарыста Қос­та­най тұқымды жылқылар ұшқыр (1,4 км, 2,4 км), құнан (7 км) және аламан бәйге (20 км) түрлері бойынша бақтарын сынайды. Бәйгенің жалпы жүлде қоры – 9 млн теңге.

Бөлісу: