Спорт
1 мин оқу 211

Көшбасшы өзгерген жоқ

<p class="2018-" style="text-align: justify;"><span style="font-size: 14.0pt;">&laquo;Тур де Франс&raquo; көпкүндігінің үшінші кезеңі Данияның Вайле қаласынан бастау алып, солтүстіктегі Сённерборг қаласында мәресіне жетті. Тегіс жолда өткен жарыста нидерландтық Дилан Гроневеген топ жарды.</span></p>

Көшбасшы өзгерген жоқ

Team BikeExchange – Jayco командасының велошабандозы 182 шақырым қашықтықты 4 сағат 11 минут 33 секундта бағындырды. Екін­ші және үшінші орындарды бельгиялық Ваут ван Арт (Jumbo – Visma) пен Йеспер Филипсен (Alpecin-Deceuninck) иеленді. Бұл кезеңде «астаналық» велошабандоздардан Симоне Веласко мен Алексей Луценко мәре сызығын 29 және 30-шы болып кесті.

Жалпы есепте бельгиялық Ваут ван Арт алда келеді. Оның көрсеткіші – 9 сағат 01 ми­нут 17 секунд. Екінші орынға тағы бір бель­­­гиялық спортшы Ив Лампаерт (Quick Step Alpha Vinyl Team) жайғасса, үздік үштікті словениялық Тадей Погачар (UAE Team Emirates) түйіндеп тұр. Олар көшбас­шыдан 7 және 14 секундқа қалып тұр. Ал қазақ­стандық команданың ең үздік велошабан­дозы Алексей Луценко 23-орынға жайғасқан.

Бөлісу:
Көшбасшы өзгерген жоқ · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар