Аймақтар
1 мин оқу 790

Арқалықта мың адам күй тартты

<p style="text-align: justify;">Арқалық қаласының орталығында Ұлттық домбыра күні мен ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар аясында халық аспаптар оркестрі мен қала тұрғындарынан құралған 1000 адамдық оркестр өнер көрсетті.</p>

Арқалықта мың адам күй тартты

Ашық аспан астындағы алып оркестр жүздеген қала тұрғынының алдында «Тепеңкөк», «Салкүрең» сияқ­ты халық күйлерін, Құрман­ғазы­ның «Балбырауын», Нұрхан Ахмет­бековтің «Жеңіс» және Нұрғиса Тілен­диевтің «Әлқисса» күйлерін орындады.

Жалпы, бұған дейін қазақтың қа­сиетті қара домбырасын насихаттап, дәріптеуге арналған бұқаралық мәде­ни шаралар жыл сайын Амангелді ауда­­нын­да да өтіп тұратын. Алайда дәс­түрлі шара пандемияға байланыс­ты үзіліп қалып еді, биыл Арқалықта қайта жанданды. 

– Ұлттық аспабымыз, ұлттық өнері­міз ұлықталған іс-шараның ұлағаты мол. Осы іс-шараға дайындық барысында 700 адам қолына алғаш рет домбыра ұстады. Ең жасы үлкен домбырашы – 87 жаста, ең жас өнерпаз – 8 жаста. Бір әулеттен 22 адам өнер көрсеткені де таңданарлық жағдай. Арқалықтағы айрықша өнер мерекесі жиналған жұртшылыққа рух беріп, көңілін көкке көтеріп тастады! – дейді облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов.

Қостанай облысы

Бөлісу:
Арқалықта мың адам күй тартты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар