ҚТЖ жұмысшыларының жалақысы 41 пайызға өсті
<p style="text-align: justify;">«ҚТЖ»ҰК» АҚ 2022 жылғы 1 шілдеден бастап еңбек ақы төлеуде тарихи қалыптасқан «учаскелік» өңірлік коэффициенттен облыстық коэффициентке кезең-кезеңімен көшуді бастайды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Бүкіл өндірістік персонал үшін маңызды шешім биылғы шығындар мен қаржы саласына түскен айтарлықтай жүктемеге қарамастан қабылданды. Жаңа коэффиентке көшу арасына 6 ай сала отырып, 4 кезеңде жүзеге асырылады және 2024 жылы 1 қаңтардан асырмай аяқталады.
Мәселен бір облыстағы қолданыстағы төрт «учаскелік» коэффициенттің ішінен ең үлкені – бірыңғай «облыстық» коэффициент ретінде қолданылатын болады.
Бұрын жүргізілген шаралар компанияның өндірістік персоналы жұмысшыларының жалақысы деңгейін өткен жылғы көрсеткішке қарағанда 41%-ға көтеруге мүмкіндік берді. Негізгі өндірістік персонал жұмысшыларының жалақысын бұлай айтарлықтай көтеру 2013 жылдан бері болмаған.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ елдегі ірі жұмыс беруші бола отырып, тұрақты түрде жұмысшыларының әл-ауқатын арттыру, еңбек жағдайын жақсарту мәселелеріне ерекше көңіл бөледі.