Қоғам
1 мин оқу 610

Мерейтойы туған жерінде атап өтілді

<p style="text-align: justify;">Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы &laquo;Қазақ университеті&raquo; баспа үйінің бас редакторы, белгілі ақын, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, &laquo;Құрмет&raquo; орденінің иегері Кәдірбек Құныпияұлының 60 жасқа толуына орай, туған жері Кеген ауданында шығармашылық кеш ұйымдастырылды. Іс-шараға Президенттің кеңесшісі Мәлік Отарбаев, Кеген ауданының әкімі Талғат Байеділов, &laquo;Рухани жаңғыру&raquo; орталығының директоры, жазушы Нұрғали Ораз және&nbsp; қаламгерлер мен өнер қайраткерлері қатысты.</p>

Мерейтойы туған жерінде атап өтілді

Шығармашылық кеште сөз алған М.Отарбаев ақын Кәдірбек Құныпияұлын асқаралы 60 жасымен құттықтап, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғысхатын және Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің құттықтаухатын тапсырды. «Кәдірбек Құныпияұлы – Қазақстанның мәдениеті мен руханиятын дамытуға сүбелі үлес қосып келе жатқан қайраткер ақын. Бүгінде баспа саласында ғалымдардың, ақын-жазушылардың құнды туындыларын өз оқырмандарына жеткізуде аянбай еңбек етіп келеді»,  деді Мәлік Нұржанұлы.

Т.Байеділов ақынды Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің атынан Құрмет грамотасымен марапаттады. Сондай-ақ аудандық мәслихат шешімімен Кәдірбек Құныпияұлына «Кеген ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті атынан Н.Ораз сөз сөйлеп, ҚазҰУ-дың Басқарма төрағасы – ректоры Жансейіт Түймебаевтың құттықтау хатын оқып берді.

Сонымен қатар мерекелік кеште Кәдірбек Құныпияұлының «Найзақара» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

Іс-шара барысында ақын қаламынан туған «Қарқара, қайда барасың?» поэмасы мен өлеңдері оқылып, кеш соңы концерттік бағдарламамен жалғасты.

Шарафаддин ӘМІРОВ,

журналист

Алматы облысы,

Кеген ауданы

Бөлісу:
Мерейтойы туған жерінде атап өтілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар