Алакөлдегі өртке қатысты тергеу амалдары басталды
<p style="text-align: justify;">Абай облысы Үржар ауданында Алакөл жағалауындағы өртке байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі мәлім еткенбей, 4 шілде күні 23:20-да Үржар ауданында Алакөл жағасындағы «Керуен» демалыс базасынан өрт шыққан. Аталған базадағы екі ғимарат, бір кір жуатын орын мен жеті саяжай отқа оранды «Сондай-ақ, тілсіз жау «Әйгерім» демалыс базасында – 4 үйді, «Жібек жолы» базасының аумағында – үй мен моншаны, «Әлихан» базасында – 8 ғимарат пен асхананы шарпыды. Өрттің неден шыққаны әлі белгісіз. Мамандар өрттің себебін анықтау үшін тиісті жұмыстарға кірісті», - делінген ақпаратта.
Қазіргі уақытта Алакөлдегі алапат өртке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.