Астанада 3 жасар бала 13-қабаттан құлады
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Қайғылы оқиға кезінде баланың анасы үйде болған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</span></p>
«5 шілде күні кешкі сағат 21:57-де көпқабатты тұрғын үйдің 13-қабатынан 3 жасар қыз дүкеннің күнқағарына құлап кеткен. Алған жарақаттан сәби оқиға орнында мерт болды. Оқыс оқиға кезінде баланың анасы үйде болған», делінген қалалық полиция департаментінің хабарламасында.
«Жазатайым оқиғалардың дені ата-аналардың балалардың қауіпсіздігіне немқұрайлы қарауымен байланысты. Бала ересектердің назарынан тыс қалып, терезе ашық қалған жағдайда құлау қаупі жоғары», дейді ведомстводан.