Елорда
1 мин оқу 334

Астанада «Елорда бәйгесі» республикалық турнирі өтті

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Бүгін елорда күніне орай &laquo;Қазанат&raquo; ипподромында &laquo;Елорда бәйгесі&raquo; турнирі өтті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

«Қазақ халқының рухын көтеріп, арқасын қоздыратын ұлттық спортымыздың бірі – бәйге болса, сол бәйгенің сәнін келтіретін, осынау ұланғайыр далаға иелік етуімізге ересен еңбек сіңірген ұлттық брендіміз – қазақтың қазанаты. Елорда күніне орай осындай аламан бәйге ұйымдастырып, мерекенің сәнін асырып жатқанымыздың өзі үлкен мерей. Баршаңызды қала күнімен құттықтаймын», деді Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов бәйгенің ашылу салтанатында.

2207061824325056g.jpg

2207061824331231g.jpg

Елорданың 24 жылдық мерейтойында өткен республикалық бәйгеде Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен еліміздің барлық өңірінен 150-ден астам сәйгүлік бағын сынады.

Жарыстың жалпы жүлде қоры – 20 миллион теңге. Ат жарысы ұшқыр бәйге (1 400 және 2 400 метр), құнан бәйге (7 000 және 9 000 метр), кіші аламан (16 шақырым) және аламан бәйге (20 және 21 шақырым) сынды 7 түр бойынша өтті.

20 шақырымдық аламан бәйгеде 8 сәйгүлік жарыс жолына шығып, Қостанай облысынан келген Мұрат Исмағамбетовтің «Риба» есімді тұлпары мәре сызығын алғаш болып кесті.

Бөлісу:
Астанада «Елорда бәйгесі» республикалық турнирі өтті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар