Спорт
1 мин оқу 220

Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің жартылай финалына шықты

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Қазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

Ұлыбритания ашық чемпионатының 17-ракеткасы атанған қазақстандық теннисші ширек финалда дүниежүзілік рейтингте 44-орында тұрған аустралиялық Айла Томляновичпен кездесті.

Бірінші партияда отандасымыздан озып кеткен аустралиялық теннисші сол басымдылығын сақтай алды - 6:4.

Екінші сетте Елена Рыбакина есе қайырды - 6:2.

Үшінші, шешуші партияда да қазақстандық спортшы қарсыласына дес бермеді - 6:3.

Екі сағатқа жуық созылған матчта Е.Рыбакина 15 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана алды.

Осылайша, Е.Рыбакина қазақстандық теннисшілер арасынан алғаш рет Уимблдон турнирінің жартылай финалына өтт. Ол финалға шығу үшін әлемнің 18-ракеткасы, «Үлкен дулыға» жарысының екі мәрте жеңімпазы, румыниялық Симона Халеппен таласады.

Бөлісу:
Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің жартылай финалына шықты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар