Елордада жалдамалы пәтер иелерінің тізімі жарияланды
<p style="font-weight: 400; text-align: justify;">Нұр-Сұлтанда мемлекеттен берілетін жалдамалы пәтер иелерінің тізімі жарияланды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
18-24 маусым аралығында үй кезегінде тұрған осал топтағы азаматтарға арналған 117 пәтердің (1,2,3 бөлмелі пәтерлер) иелері анықталды.
Бұл - сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы. Оның нәтижесін және баспаналы болғандардың тізімін zhilfond.kz сайтынан көруге болады.
Әлеуметтік жағынан осал топтар санаты бойынша 1 бөлмелі пәтерге - 2009 жылдың 11 ақпанына дейін, 2 бөлмелі пәтерге - 2010 жылдың 5 ақпанына дейін, 3 бөлмелі пәтерге - 2008 жылдың 18 тамызына дейін кезекте тұрғандар ие болды.
Жетім балалар санаты бойынша 1 бөлмелі пәтерге - 2010 жылдың 21 мамырына дейін, 2 бөлмелі пәтерге - 2012 жылдың 8 тамызына дейін, 3 бөлмелі пәтерге - 2012 жылдың 13 шілдесіне дейін кезекте тұрғандар өтті.