Оқиға
1 мин оқу 300

Ұлытау облысында жол апатынан 3 адам қаза тапты

<p style="text-align: justify;">Ұлытау облысында жантүршігерлік жол-көлік апаты салдарынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қарағанды облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 6 шілде күні сағат 17.00-де Қарағанды-Жезқазған тасжолында, Шет ауданы Ақой ауылынан бес шақырым жерде болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, Қарағандыдан келе жатқан Mercedes-Benz көлігі Chevrolet Cobalt көлігіне соғылған.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жүргізуші мен олардың бірінің 54 жастағы әйелі көз жұмды. Chevrolet Cobalt жүргізушісінің 44 жастағы әйелі мен олардың 18 және 7 жастағы балалары медициналық мекемеге жеткізілді», делінген хабарламада.

Аталған дерекке қатысты тиісті сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Бөлісу:
Ұлытау облысында жол апатынан 3 адам қаза тапты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар