Головкин мен Канело жекпе-жегінің уақыты белгілі болды
<p style="text-align: justify;">Сауль Альварес пен Геннадий Головкин арасындағы үшінші жекпе-жек 18 қыркүйекте Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы сағат 9:00-де басталады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

WBA (Super), WBC, IBF және WBO супер орта салмақтағы белбеулері бәске тігіледі. Тікелей трансляция DAZN ақылы стриминг сервисі арқылы көрсетіледі.
Жекпе-жектің Қазақстан аумағында көрсетілуі туралы әзірге ақпарат жоқ.
Головкиннің барлық соңғы жекпе-жектері Qazaqstan және Qazsport телеарналарында көрсетілді. Осы дәстүр жалғасын табуы әбден мүмкін.
Бұл - қазақстандық пен мексикалық арасындағы үшінші жекпе-жек болмақ. Біріншісінде тең аяқталса, екіншісінде төрешілер жеңісті «Канелоға» берген болатын.
Аяна Тоғанбек