Министрлік мектеп оқулықтарының тізімін жариялады
<p style="text-align: justify;">ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 21 маусымдағы №291 бұйрығымен орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің электрондық тізбесі бекітілді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Министрдің бұйрығы «Әділет» нормативтік құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды.
«Бұйрықпен бекітілген орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын», делінген құжатта.
Сондай-ақ ведомство басшысы Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес аталған бұйрықты Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізуін міндеттейді. Ресми тіркеуден өткен соң бұйрық Оқу-ағарту министрлігінің ресми сайтында орналастырылады.
Мектеп оқулықтары мен мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешеннің электрондық нұсқасымен мына сілтеме арқылы танысуға болады.