Аймақтар
1 мин оқу 162

Алматыда азық-түлік қымбаттауына не әсер еткені айтылды

<p style="text-align: justify;">Бұл туралы мегаполис басшысы Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Алматыда бағаның жоғары өсу қарқыны сақталып отыр. Жыл басынан бергі 6 айдың қорытындысы бойынша инфляция – 10,3%. Инфляцияның негізгі үлесі бірінші кезекте азық-түлік бағасының өсуі есебінен қалыптасты, ол 16,4 пайызға жетті», деді Алматы әкімі.

Оның айтуынша, қант бағасы 2 есе өсіп, қазір 560 теңгеден сатылып жатыр.

«Бұдан бөлек, пияздың бағасы 156 теңгеге дейін көтерілді. Нан 95 теңге, сүт 18%-ға өсті. Олардың тұтыну бағасының индексіндегі үлесі – 2,2 проценттік тармақ. Жұмыртқа бағасы 0,4%-ке төмендедіп, 460 теңге тұрады», дейді Ерболат Досаев.

Қазір қалада сиыр еті 2 350 теңгеден саудаланып жатыр. Сары май 5,6 пайызға өсті, келісі – 3 400 теңге.

«Жеткізу тізбегінің бұзылуы және теңге бағамының тұрақсыздығына байланысты инфляция әлі де жоғарылауы мүмкін», дейді Ерболат Досаев.

Бөлісу:
Алматыда азық-түлік қымбаттауына не әсер еткені айтылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар