Аймақтар
1 мин оқу 233

Маңызды мәселелер шешімін табады

<p style="text-align: justify;">Парламент Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Владимир Волков Қарасай ауданының тұрғындарымен кездесті.</p>

Маңызды мәселелер шешімін табады

Кездесуге қатысушылар Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан конституциялық реформаның негізгі ережелерін талқылады.

Ауылдық округ тұрғындары депу­татқа тұрғын үй-коммуналдық шаруа­шылық, электрмен жабдықтау және газ­бен жабдықтау, жер учаскелерін бөлу, жол салу және жөндеу, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отба­сы­ларға материалдық көмек көрсету мәсе­лелері туралы айтып берді.

«Бүгін кездесуде көтерілген маңызды мәселелер жергілікті органдармен және Үкіметпен бірлесіп бір жүйеде ше­шіледі», деп атап өтті сенатор.

Сенатор ауыл тұрғындарының өті­ніші бойынша Үлкен Алматы айналма автожолының құрылыс барысымен де танысты.

 

Алматы облысы

Бөлісу:
Маңызды мәселелер шешімін табады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар