Қазақстан
1 мин оқу 221

Гарнизонның жай-күйімен танысты

<p style="text-align: justify;">Жетісу облысына жұмыс сапары бары&shy;сында Қор&shy;ғаныс министрі, генерал-пол&shy;ковник Руслан Жақ&shy;сылықов Жаркент қала&shy;сын&shy;да орналасқан бөлімшелердің жай-күйін тексерді.</p>

Гарнизонның жай-күйімен танысты

Гарнизон басшысы, подполковник Нұрлан Абаев министрге бөлімшелердің мақсаты, жауынгерлік мүмкіндіктері, жасақталуы мен жарақтандырылуы туралы баяндады.

Генерал-полковник Руслан Жақсылықов штаб, полигон, әскери атыс орындары, оқу орталығы корпустары секілді инфрақұрылым нысандарының жай-күйін қарап шығып, әскери қалашықтың тұрғын үй қорымен танысты.Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бекіткен «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың орындалуына назар аудара отырып, әскери техниканы, қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сақтау жағдайын тексерді.

Инспекция нәтижелері бойынша генерал-полковник Руслан Жақсылықов инфра­құрылым­ды ұстау, оқ-дәрілерді қауіпсіз сақ­тауды қамтамасыз ету, жауынгерлік даярлықты және жалпы қызметтік істі ұйымдастыру бойынша бірқатар міндет қойды.

Бөлісу:
Гарнизонның жай-күйімен танысты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар