Спорт
1 мин оқу 161

Сербия чемпионатында жүлде алды

<p class="2018-" style="text-align: justify;">Шахматтың блиц түрінен ең жас әлем чемпионы қазақстандық Бибісара Асаубаева жүлде қоры 35 мың еуроны құраған Serbian Chess Open-2022 турнирінде үшінші орынға ие болды.</p>

Сербия чемпионатында жүлде алды

Сербияның Нови-Сад қаласында ұйымдас­тырылған «Сербия опен» жарысына әлемнің 29 елінен келген 200-ге жуық шахматшы бір апта бойы сынға түсті. Ашық чемпионатта әлемнің 9 гроссмейстері, 68 халықаралық шебері, 6 әйелдер гроссмейстері және 13 халық­аралық әйелдер шебері өнер көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша қыздар арасындағы сайыста грекиялық Ставроула Цолакиду бас жүлдені олжаласа, үндістандық Сакши Читланге екінші орынға ие болды.

Енді Бибісара Асаубаева шілденің 28-і күні Үндістанның Ченнай қаласында жалауы желбірейтін шахматшылардың 44-ші Олимпиадасына қатысады. Олимпиада 10 тамызға дейін жалғасады. 

Бөлісу:
Сербия чемпионатында жүлде алды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар