Аймақтар
1 мин оқу 250

iPhone 13 Ангелинаға бұйырды

<p style="text-align: justify;">Қарағанды облыстық Полиция депар&shy;таменті интернет-алаяқтар туралы бейнероликтер байқауын ұйымдастырды. Үш бірдей банк демеушілік еткен шығармашылық сайысқа мектеп оқушылары, сту&shy;денттер, блогерлер және журна&shy;лис&shy;тер қатысып, бақ сынады.</p>

iPhone 13 Ангелинаға бұйырды

Құрамына БАҚ өкілдері, қоғам қай­раткерлері және банк саласының қызмет­керлері енген қазылар алқасы байқаудың бас жүлдесіне №15 орта мектептің оқу­шысы Ангелина Газдиева лайықты деп тапты.

Жеңімпазға бас жүлде – соңғы үлгідегі iPhone 13 Pro ұялы телефонын Қазақстан Жур­налистер одағының Қарағанды об­лыс­тық филиалының директоры Жәні­бек Садықанов табыс етті.

Ангелина Газдиева төрт жылдан бері видео түсіріп, бейнемонтаж жасаумен айналысып келеді екен.

– Үлкенге де, кішіге де жаңа дүние ұсы­натын тек танымдық бейне ролик­тер түсіремін. Байқаудың шарты бойын­ша ұсынылған тақырып мені қатты қызықтырды. Мен түсірген бейне-роликті көріп, адамдар интернет-алаяқтық деген не және онымен қалай күресуге болатынын білуі үшін барымды салдым. Жеңіске жетемін деп күткен жоқ едім. Әлбетте, өте қуаныштымын! – деп ағынан жарылды Ангелина.

Сондай-ақ байқаудың қорытындысы бойынша бірінші орынды Айсұлтан Жақыпов алса, Бекжан Есенов екінші жүлдені, ал Елена Сахарчук үшінші орынды иеленді.

Марапаттау рәсімінің соңында Қара­­ғанды облыстық ПД басшысының орын­басары Әбіл Әбілдин байқауға қатысу­шыларға алғыс айтып, әріптестік негіздегі ынтымақтастықтың алдағы уа­қытта да жалғасын таба береріне сенім білдірді.

ҚАРАҒАНДЫ

Бөлісу:
iPhone 13 Ангелинаға бұйырды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар