Қоғам
1 мин оқу 230

ҰҚК есірткі трафигінің бірнеше арнасын жойды

<p style="text-align: justify;">ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткі және психотроптық заттардың таралуына қарсы іс-қимыл шеңберінде халықаралық және республикалық деңгейдегі есрткі жолдарын кесу бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүзеге асырды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ведомствоның баспасөз қызметі мәлім еткендей, осы жылдың маусым айында ҰҚК 21 есірткіге қарсы операция, оның ішінде Ресей, Қырғызстан және Өзбекстанның арнайы қызметтері мен құқық қорғау органдарымен бірлесіп жүргізді.

«Есірткі трафигінің 6 халықаралық және 12 өңірлік арнасы жойылды. Синтетикалық есірткі өндіретін 3 жасырын зертхананың қызметі бейтараптандырылды.

Арнайы операциялар барысында есірткі құрылымының 31 қатысушысы ұсталды. Заңсыз айналымнан 120,6 кг есірткі, оның ішінде 61,8 кг синтетикалық есірткі (206 мың «бір реттік дозаға» баламалы), 6 кг марихуана, 52,7 кг гашиш тәркіленді», деп атап өтті ҰҚК өкілдері.

Бұдан басқа, психотроптық заттарды дайындауға арналған 6000 экстази таблеткасы және 2 тоннадан астам химиялық реагенттер айналымнан шығарылды.

«Маусым айында алынған есірткінің жалпы сомасы «қара нарықта» 1,3 млрд теңгеден астам сомаға бағаланады. Халықаралық есірткі бизнесіне қарсы іс-шаралар жалғасып жатыр», делінген хабарламада.

Бөлісу:
ҰҚК есірткі трафигінің бірнеше арнасын жойды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар