Қоғам
1 мин оқу 360

Нұр-Сұлтанда пәтер бағасы қымбаттады

<p style="text-align: justify;">ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистикалар бюросы маусым айында тұрғын үй нарығындағы баға қалай өзгергенін жариялады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Нұр-Сұлтанда пәтер бағасы қымбаттады

2021 жылғы маусым мен 2022 жылғы маусым аралығында қолданыстағы пәтерлердің бағасы – 26,8%, ал жаңа пәтерлер – 19,5%-ға өскен. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу ақысы 21%-ға көтерілген. Өңірлер бойынша жаңадан салынған тұрғын үй бағасы Нұр-Сұлтанда айтарлықтай жоғарылаған – 27,9%.

Қолданыстағы пәтерлер нарығында бағаның ең жоғары өсімі Қызылорда қаласында (46,7%), ал жалға алу құны Алматы қаласында (48,3%) қымбат. Биылғы мамырдан маусымға дейін, яғни бір айда жаңа тұрғын үй бағасы – 1,1%, ал қайта сату – 0,4% өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу ақысы мамырмен салыстырғанда маусымда 1,1% төмендеген.

Сонымен қатар Ұлттық статистика бюросы тұрғын үй бағасы бойынша ай сайын мониторинг жүргізеді. Баға индекстері облыс орталықтары мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Семей қалалары бойынша іріктеп байқау деректері негізінде жасалады.

Аяна Тоғанбек

Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда пәтер бағасы қымбаттады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар