Оқиға
1 мин оқу 240

Қарағандыда бала лифт шахтасына құлап кетті

<p style="text-align: justify;">Қарағандыда 11 жасар бала құрылысы аяқталмаған ғимараттың лифт шахтасына құлап кетті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қарағандыда бала лифт шахтасына құлап кетті

Полицияның мәліметінше, жазатайым оқиға 3 шілдеде болды. Бала ауыр жарақат алғанымен, аман қалды.

«Ол медициналық мекемеге жеткізілді. Қазіргі уақытта сараптама тағайындалды, оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады», деп мәлімдеді Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
 
Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, бала облыстық балалар клиникалық ауруханасында жатыр.
 
«Жағдайы тұрақты болғанымен, ауыр халде», дейді дәрігерлер.
 
Қазіргі уақытта полиция оқиғаның мән-жайын анықтауда.
 
Бөлісу:
Қарағандыда бала лифт шахтасына құлап кетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар