Ауа райы
1 мин оқу 202

Сенбіге арналған ауа райы болжамы

<p style="text-align: justify;">&laquo;Қазгидромет&raquo; РМК-сы шілденің 9-ы күнгі күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> &laquo;Қазгидромет&raquo; РМК-на сілтеме жасап.</p>

Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, оңтүстік циклоны және онымен байланысқан атмосфералық фронталды бөліктердің ықпалымен Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады.

Сондай-ақ найзағай ойнап, бұршақ жауады, жел күшейіп, республиканың шығысында дауыл тұрады, түнде және таңертең солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта тұман түседі. Тек Қазақстанның батыс және оңтүстік аймақтарына батыс антициклоны ығысып, күн ашық болады.

Қызылорда облысының батысында, шығысында, Абай облысының шығысында, Түркістан облысының солтүстігінде, шөлді аудандарында, Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында, Жамбыл облысының оңтүстігінде, Алматы облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Бөлісу:
Сенбіге арналған ауа райы болжамы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар