Аймақтар
1 мин оқу 230
Алматыда 11 шілдеден бастап екі автобус бағыты өзгереді
<p style="text-align: justify;">Алматыда екі автобус бағыты өзгереді. Бұл туралы Алматы қаласының Көлік холдингі мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Қала тұрғындарының өтініші бойынша 11 шілдеден бастап мына маршруттардың қозғалыс схемалары өзгереді:
Түрксіб ауданы Спасская көшесіндегі №13 маршруттың қозғалысы Солтүстік зиратқа дейін ұзартылды. Бұдан әрі схема бойынша.
№129 маршрут солтүстік бағытта жүріп, Қарасу шағын ауданына, ал оңтүстік бағытта қозғалған кезде Заводская көшесімен тура жүреді. Бұдан әрі схема бойынша.
Бөлісу: