Аймақтар
1 мин оқу 271

200 мыңыншы автокөлік шықты

<p style="text-align: justify;">12 жылдан бергі өндірісті жаңа арнада дамыту жұмыстарының нәтижесінде қол жеткен айтулы белесті зауыт ұжымы шағын мереке ретінде атап өтті. Желіден 200 мыңыншы болып шыққан жеңіл көлік &ndash; Қостанайда биыл мамыр айынан бері құрастырыла бастаған Kia Sportage кроссовері.</p>

200 мыңыншы автокөлік шықты

Ұсақ торапты CKD-әдісімен құрас­тырылған автокөлік доңғалағының дис­кісі мен балоны Павлодарда жасалған. Қуаттандырғышы да – отандық өнім. «Аллюр» зауытының локализациялық өндіріс бөлімінің бастығы Әділ Шайке­меловтің айтуынша, Қазақстанда жа­салған әрбір автобөлшек шамалы болса да өндіріс­тің жергілікті үлесін арттыра түседі. Мысалы, бүгінде Kia Sportage көлігінің жергілікті үлесі 35% шамасында. Алдағы уақытта көліктің шанағын дәнекерлеу, бояу жұмыстары да осы зауытта атқарылмақ. Бұл межеге қол жетсе, корейлік автокөліктің жергілікті үлесі 45%-дың үстіне шығады.

Зауыт биылдың өзінде 32 мың автокөлік құрастырып шығарған. Жыл аяғына дейін 70 мың автокөлік шығару жоспарланып отыр.

– Қостанайда құрастырылып жатқан автомобильдерді тек Қазақстанда ғана емес, бірқатар шет мемлекеттерден кездестіре аласыз. Осы орайда «СарыарқаАвтоПром» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аса табысты коммерциялық жоба екенін айта кеткен жөн, – деді «Аллюр» зауыты директорының кеңесшісі Сергей Могилатов.

Бүгінде зауытта Kia Sportage крос­соверінен бөлек, ұсақ торапты құрастыру әдісімен жасалған LADA Granta автокөлігі де шығады. Жыл соңына қарай бұл екі автокөліктің шанақтарын дәнекерлеу, бояу желілерін іске қосу жоспарланып отыр.

Қостанай облысы

Бөлісу:
200 мыңыншы автокөлік шықты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар