Аймақтар
1 мин оқу 230
Алматыда Мәметова – Уәлиханов қиылысындағы көлік қозғалысы тоқтатылады
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">2022 жылғы 12-15 шілде аралығында Алматы қаласының Медеу ауданында Мәметова мен Уәлиханов көшелерінің қиылысында автокөлік қозғалысы жабылады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>
«Алматы жылу желілері» ЖШС-де аталған көшелердің көлік жүретін бөлігінің астынан өтетін магистральдық құбыр учаскесінде жоспарлы жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізілетінін түсіндірді.
«Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз», делінген хабарламада.
Бөлісу: