Ауа райы
1 мин оқу 240

Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы

<p style="text-align: justify;">Қазгидромет 11 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Синоптиктердің мәліметінше, оңтүстік циклон және онымен байланысқан атмосфералық фронталды бөліктер ел территориясының басым бөлігіне ықпал етеді. Жаңбыр, найзағай, бұршақ, желдің күшеюі күтіледі.

Сондай-ақ оңтүстігінде күндіз шаңды дауыл, солтүстігінде түнде және таңертең тұман болуы мүмкін.

Тек Қазақстанның батысы мен оңтүстік-батысында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болады.

Қызылорда облысының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-шығысында, Атырау облысының шығысында, солтүстігінде, Түркістан облысының шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Атырау облысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, батысында, Маңғыстау облысының оңтүстігінде қатты ыстық болады.

Бөлісу:
Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар