Оқиға
1 мин оқу 400

Ақтөбе облысында 6 жасар бала суға батып кетті

<p style="text-align: justify;">Ақтөбенің Алға ауданы, Есет батыр ауылында қайғылы жағдай тіркелді. 6 жастағы бала суға батып кетті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Облыстық ТЖ департаментінің кезекші-диспетчерлік қызметіне Алға ауданы Есет батыр ауылындағы қайғылы жағдай туралы 10 шілде күні сағат 16:15-те хабарлаған.

«2016 жылы туған баланың суға батып кеткені жөнінде хабарлама келіп түсті. Шақырту орнына құтқарушылар дереу жеткен кезде Есет батыр ауылынан 2 шақырым жердегі Тамды өзенінің бойында баланың суға түскені белгілі болды. Ол ата-анасының қарауынсыз тыйым салынған жерге шомылған. Құтқарушылар баланың денесін 2,5 метр тереңдіктен  алып шықты», деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Ақтөбе облысында 6 жасар бала суға батып кетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар