Аймақтар
1 мин оқу 220

Шымкенттегі сауда орталығында кәмелетке толмаған қыз қайтыс болды

<p style="text-align: justify;">Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қаладағы сауда орталықтарының бірінде кәмелетке толмаған қыз қайтыс болды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

3 шілде күні жедел басқару орталығының «102» арнасына қаладағы ойын-сауық орталықтарының бірінде кәмелетке толмаған қыз электр тоғына түсіп, жан тапсырғаны туралы хабарлама түскен.

Тексеріс барысында қыздың сол орталықта жұмыс істейтіні анықталды.

Оқиға Қаратау ауданы Полиция басқармасы СДТБТ-ға ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы 3-бөлігі (Абайсызда адам өліміне әкеп соғу) бойынша тіркелді. Қазіргі таңда істің мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде.

Бөлісу:
Шымкенттегі сауда орталығында кәмелетке толмаған қыз қайтыс болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар