Футбол
1 мин оқу 440

«Түркістан Арена» халықаралық УЕФА категориясын алды

<p style="text-align: justify;">&laquo;Түркістан Аренада&raquo; жүргізілген инспекция қорытындысы бойынша УЕФА&nbsp; стадионға халықаралық II дәреже беру туралы шешім шығарды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Қазақстан Футбол Федерациясына сілтеме жасап.</p>

Түркістан стадионы келесі матчтарды қабылдай алады:

– УЕФА Чемпиондар лигасы, УЕФА Еуропа лигасы және УЕФА Конференция лигасының 1, 2, 3 іріктеу кезеңдерінің ойындары;

– Жастар құрамалары (U-21) арасындағы Еуропа және әлем чемпионаттарының іріктеу және финалдық кезеңдері;

– 17 және 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамалары арасындағы Еуропа және әлем чемпионаттарының іріктеу және финалдық кезеңдері;

– Әйелдер құрамалары арасындағы Еуропа және әлем чемпионаттарының іріктеу және финалдық кезеңдері.

Бөлісу:
«Түркістан Арена» халықаралық УЕФА категориясын алды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар