Қоғам
1 мин оқу 142

Бір аптада 3 мыңнан астам қылмыс тіркелді

<p style="text-align: justify;">Ішкі істер министрлігі Қазақстандағы криминогендік жағдайды баяндады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Бір апта ішінде елімізде 3 092 қылмыс жасалды, оның 1 909-ы тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 4 кісі өлтіруді, 6 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 4 қарақшылық, 29 тонау және 508 бөтен мүлікті ұрлау қылмысын ашты», деді министрлік баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек.

Оның айтуынша, 1 шілдеден бастап ел бойынша 16 тергеу изоляторын медициналық қамтамасыз ету Ішкі істер министрлігінен Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағына өткен. 

Бөлісу:
Бір аптада 3 мыңнан астам қылмыс тіркелді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар