Қоғам
1 мин оқу 170

Каспий құбыр консорциумына айыппұл салынды

<p style="text-align: justify;">Краснодар өңірлік соты Каспий құбыр консорциумы жұмысын тоқтата тұру жөніндегі шешімді өзгертіп, айыппұлға алмастырды. Консорциумға 200 мың рубль айыппұл төлеу міндеттелді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«200 мың рубль айыппұл төлеуге өзгертіліп, шешімнің қалған бөлігі өзгеріссіз қалдырылсын», деді Краснодар өңірлік сотының судьясы.

Еске салсақ, Новороссийскінің Приморск аудандық соты құжаттық заң бұзушылықтар үшін «КТК-Р» компаниясының қызметін 30 тәулікке тоқтатқан болатын.

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Каспий құбыр консорциумы қызметінің уақытша тоқтап қалуына байланысты жедел кеңес өткізді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мұнай тасымалдауда Транскаспий бағдарын дамытуды тапсырды.

Кейін ҚР Энергетика министрлігінен Қазақстан мұнайы Каспий құбыр консорциумының құбыр желісі арқылы штаттық режимде экспортталып жатқанын мәлім етті.

Бөлісу:
Каспий құбыр консорциумына айыппұл салынды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар