Спорт
1 мин оқу 152

Бес сатыға жоғарылады

<p class="2018-" style="text-align: justify;">&laquo;Тур де Франс&raquo; көпкүндігінің тоғызын&shy;шы кезеңі Швейцарияның Эгль қаласынан бастау алып, Францияның Шателінде аяқталды.</p>

Бес сатыға жоғарылады

3695 шақырымды қамтыған таулы аймақта өткен жарыста Боб Юнгельс шашасына шаң жұқтырмады. Француздардың «AG2R Citroën Team» клубының сапында өнер көрсететін 29 жастағы люксембургтік велошабандоз сол аралықты 4 сағат 46 минут 39 секундта жүріп өтті. Юнгельстен сәл ғана қалып қойған Испанияның қос саңлағы – Джонатан Кастровьехо («INEOS Grenadiers») мен Карлос Верона («Movistar Team») үздік үштікті түйіндеді. «Астананың» серкесі Алексей Луценко 16-орынды иеленді.  

Жалпы есепте словениялық Тадей Погачар­дың алдына ешкім түсе алар емес. Даниялық Йонас Вингегор («Jumbo-Visma») мен Герайнт Томас («INEOS Grenadiers») екінші және үшінші орын­дарды өзара бөлісуде. Бұл жолы Алексей Луцен­ко бес сатыға жоғарылап, қазіргі кезде 15 орын­ды еншілеуде. Жерлесіміз көш басындағы вело­ша­бандоздан 4 минут 58 секунд қалып келеді. 

Бөлісу:
Бес сатыға жоғарылады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар