Қоғам
1 мин оқу 240

126 млн теңге ұрлаған коммуналдық кәсіпорын директоры ұсталды

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Қаржы мониторингі агенттігінің тергеуі нәтижесінде Атырау облысының &laquo;Жылыойсу&raquo; МКК директоры 2019 жылдан 2021 жылға дейін Құлсары қаласының тұрғындарына сумен жабдықтау және кәріз қызметінің шаруашылық қызметтеріне монополиялық жоғары баға белгілегені анықталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

«Осылайша, ол аса ірі көлемде ұрлық жасап, 126 млн теңгеден астам шығын келтірген. Тергеу барысында келтірілген зиянның мөлшері мемлекетке толығымен қайтарылды», делінген ведомство ақпаратында.

Ведомствода кәсіпорын басшысы кінәлі деп танылғаны айтылды.

Оған материалдық жауапкершілікке байланысты мемлекеттік мекемелерде басшы қызметімен өмір бойы айналысуға тыйым салынып, алты жылға бас бостандығынан айырылды.

Бөлісу:
126 млн теңге ұрлаған коммуналдық кәсіпорын директоры ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар