Мейірім Нұрсұлтанов WBC рейтингінің үздіктер қатарына енді
<p style="text-align: justify;">WBC барлық салмақ санаты бойынша рейтингтің жаңартылған нұсқасын ұсынды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Sports.kz сайтына сілтеме жасап.</p>
WBC International чемпионы Жан Кособуцкий 15-орыннан 12-орынға көтерілді. Бірінші ауыр салмақта Қамшыбек Қоңқабаев бір қатар төмендеп, 36-шы болды.
Екінші орта санатта Айдос Ербосынұлы мен Әли Ахмедов сәйкесінше 19-шы және 20-орындарды сақтап қалды. Өткен айда аргентиналық Себастьян Орасио Папескиді нокаутпен жеңген Мейірім Нұрсұлтанов орта салмақтағы рейтингте оныншы орыннан сегізінші орынға көтерілді.
Бірінші орта дивизионда Садриддин Ахмедов 28-орында қалды. Жартылай орта салмақтағы Данияр Елеусінов бір қатар шегініп, 21-орынға тұрақтады. WBC Youth тұжырымы бойынша чемпион Талғат Шайкен екі саты жоғарылап, 32-орынға көтерілді.
Батыр Жүкембаев бірінші жартылай орта салмақтағы рейтингтер кестесінде 25-орында қалды.