Қаржы
1 мин оқу 321

Алтынның бағасы төмендеді

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">12 шілдеде алтынның құны троя унциясы үшін 1730 доллардан төмендеді. Бұған сауда-саттық деректері дәлел, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

Нұр-Сұлтан уақытымен 10:45-тегі жағдай бойынша Нью-Йорк Comex биржасында алтынға тамыз фьючерстерінің бағасы 4,4 долларға немесе 0,25%-ға, троя унциясы үшін 1727,3 долларға дейін төмендеді.

Бұған дейін сауда-саттық барысында көрсеткіш ең төменгі 1721,65 долларға жеткен болатын. Бұл 2021 жылдың тамызынан бергі ең төменгі көрсеткіш. Қыркүйек айындағы күміс фьючерстері 0,93%-ға арзандап, бір унция үшін 18,955 долларды құраған.

Әлемдік нарық АҚШ-тан маңызды деректерді күтуде. Сәрсенбіде маусым айында елдегі инфляция статистикасы жарияланады. Сарапшылардың пікірінше, жылдық инфляция бір ай бұрын 8,6%-дан кейін 8,8%-ды құрады, бұл 1981 жылдың желтоқсанынан бастап жаңа рекорд болуы мүмкін.

Жоғары инфляция АҚШ-тың Федералды резервтік жүйесі үшін ақша-кредит саясатын қатаңдату қажеттілігі туралы сигнал бола алады.

Бөлісу:
Алтынның бағасы төмендеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар