Аймақтар
1 мин оқу 340

Алматының екі ауданында ыстық су болмайды

<p style="text-align: justify;">Алматыда Медеу және Жетісу аудандарындағы ғимараттардың бір бөлігі бір тәулікке ыстық су беруден ажыратылады, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;&laquo;Алматы жылу желілері&raquo; ЖШС қызметіне сілтеме жасап.</p>

«13 шілдеде сағат 9.00-ден 21.00-ге дейін Медеу және Жетісу аудандарының Қонаев - Райымбек - Жангелдин - Есік - Кіші Алматы өзені - Әйтеке би - Қалдаяқов - Мақатаев - Уәлиханов көшелері шаршысында орналасқан тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарға ыстық су берілмейді», делінген хабарламада.

Жылумен қамту желілерінде жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін шектеулер енгізілген.

Бөлісу:
Алматының екі ауданында ыстық су болмайды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар