Қаржы
1 мин оқу 230

Доллар бағамы көтерілді

<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде дүйсенбімен салыстырғанда доллар бағамы сәл артты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Kurs.kz деректері бойынша, Нұр-Сұлтандағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 469 – 475 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Алматыда доллар бағамы 471 – 476,50 теңге аралығында құбылып тұр.

11 шілдедегі кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 8,86 теңгеге арзандап, 465,26 теңге болған.

Ұлттық банктің 12 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 464, 85 теңге.

Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 7 – 7,40 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Бөлісу:
Доллар бағамы көтерілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар