Әлем
1 мин оқу 163

Ресейде маймыл шешегі анықталды

<p style="text-align: justify;">Ресейде маймыл шешегінің алғашқы жағдайы анықталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Роспотребнадзорға сілтеме жасап.</p>

Роспотребнадзор мәліметіне сәйкес, аталған індет Еуропа сапарынан келген жас жігіттен анықталған. Ол медициналық мекемеге өзі жүгінген.

«Науқастан алынған талдамалар шұғыл түрде Роспотребнадзордың тиісті сараптама жүргізуге уәкілетті мекемесіне жіберілді. Биоматериалдарды зерттеу нәтижесі бойынша маймыл шешегі инфекциясы расталды. Науқас оқшауланған және инфекциялық профильді медицина ұйымында жатыр. Ауру жеңіл түрде өтіп жатыр. Оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ», делінген хабарламада.

Науқаспен байланыста болған  адамдар анықталды.

Бөлісу:
Ресейде маймыл шешегі анықталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар