Үкімет
1 мин оқу 330

Үкімет шетелден көлік әкелуді шектейтін тетіктер әзірлеп жатыр

<p style="text-align: justify;">ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов&nbsp;Сенат депутаттарының сауалына берген жауабында Қазақстан Үкіметі ел аумағына шетелдік көліктерді әкелуді шектеуге бағытталған тетіктер әзірлеп жатқанын айтты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Салық заңнамасына сәйкес тіркемелерді қоспағанда, Қазақстан Республикасында тіркелген немесе есепте тұрған көлік құралдары салық салу объектілері болып саналады. Осылайша, шетелден келген көлік құралдарын есепке қою мәселесі кезек күттірмейтін мәселе болады деп есептейміз», деді Үкімет басшысы өзінің жауабында.

Осы орайда Әлихан Смайылов Үкімет ел аумағына шетелдік автомобильдерді әкелуді және пайдалануды шектеуге бағытталған тетіктерді әзірлеу және басқа да ілеспе мәселелер бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын айтты.

«Осыған байланысты көрші елдерден, атап айтқанда Ресей, Армения, Грузия, Қырғызстаннан келген автокөлік құралдарына толық ресімделгенге дейін сол жерде уақытша тіркей отырып салық салу мәселесін қарастыру жөн деп санаймыз», деді ол.

Бөлісу:
Үкімет шетелден көлік әкелуді шектейтін тетіктер әзірлеп жатыр · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар