Ауа райы
1 мин оқу 191

Еліміздің бірқатар өңірінде аптап ыстық болады

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Қазгидромет 13 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

Синоптиктердің мәліметінше, атмосфералық ауа ағындардың өтуі ел аумағының басым бөлігінде құбылмалы ауа райын сақтайды. Найзағаймен бірге жаңбыр жауады, желдің күшеюі, еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл соғып, батысында бұршақ жауады. Тек Қазақстанның оңтүстігі, оңтүстік-батысы, солтүстік-батысы және орталығында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Түркістан, Қызылорда, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Қостанай облысының батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай облыстарының басым бөлігінде қатты ыстық болжанады.

Күндіз Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық болады.

Бөлісу:
Еліміздің бірқатар өңірінде аптап ыстық болады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар